Жаңалықтар
-
кеше 12:26
-
27.02.2021 23:32
-
27.02.2021 22:20
-
27.02.2021 12:50
-
27.02.2021 12:14
-
27.02.2021 11:18
-
27.02.2021 09:52
-
27.02.2021 09:15
-
27.02.2021 08:39
-
27.02.2021 08:15
-
27.02.2021 08:00
-
26.02.2021 22:33
-
26.02.2021 20:27
-
26.02.2021 16:04
-
26.02.2021 15:11
-
26.02.2021 10:01
-
26.02.2021 09:50
-
26.02.2021 09:20
-
26.02.2021 08:29
-
26.02.2021 08:15
-
25.02.2021 22:08
-
25.02.2021 20:42
-
25.02.2021 18:28
-
25.02.2021 10:36
-
25.02.2021 10:10
-
25.02.2021 09:48
-
25.02.2021 09:43
-
25.02.2021 08:58
-
25.02.2021 08:34
-
25.02.2021 08:15
-
25.02.2021 08:00
-
25.02.2021 06:10
Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
2021 жылғы 17 қаңтар 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары. Атап айтқанда: - Алматы қаласының әуежайына – 8 халықаралық рейс қонды, 1 123 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 923, анықтамасыз - 200; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамамен - 416, анықтамасыз - 55; - Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 242 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 122; - Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы, анықтамамен - 141, анықтамасыз – 54. «Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта. Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен. Еске салайық, 14 қаңтар күні «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталған болатын.