Жаңалықтар

Тамыздың бірінші күнінде Қазақстанда 110 адам коронавирустан көз жұмған

2021 жылғы 3 тамыз 09:08
Тамыздың бірінші күнінде Қазақстанда 110 адам коронавирустан көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 1 тамыз күні Қазақстан аумағында 110 адам - коронавирустан, тағы 16 адам - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр - 17 науқастан. Қарағанды облысында - 15, Ақмола облысында - 12, Алматы қаласында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 7, Павлодар облысында - 6, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарында - 4, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбе обылстарында - 3 адамнан қайтыс болған. Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан ешкім көз жұмған жоқ.