Жаңалықтар

Тұмауға қарсы вакцинаны кімдер тегін ала алады

2022 жылғы 28 қыркүйек 16:41
Тұмауға қарсы вакцинаны кімдер тегін ала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елімізде тұмауға қарсы вакцина алу науқаны 3 қазанда басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қыркүйекте тұмау мен ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға қол қойдым. Қаулыға сәйкес медициналық ұйымдар 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау жұмысын бастауы тиіс. Оның ішінде тұмау және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы пысықталып, зертханалардың зерттеу жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, вице-министр тұмауға қарсы вакцина алу процесіне қатысты түсінік берді. «Тұмауға қарысы вакцинаны мемлекет есебінен, яғни тегін халықтың анағұрлым осал топтары алатынын ескерткім келеді. Сонымен қатар, вакцинациялау жұмыс берушілердің қаражаты мен халықтың жеке қаражаты есебінен жүреді. Вакцинация жеке орталықтар мен тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің мекенжайын аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және денсаулық сақтау басқармаларынан білуге болады», - дейді ол.