Жаңалықтар
-
кеше 10:07
-
09.04.2021 23:45
-
09.04.2021 22:21
-
09.04.2021 21:55
-
09.04.2021 20:45
-
09.04.2021 20:33
-
09.04.2021 20:25
-
09.04.2021 19:50
-
09.04.2021 19:08
-
09.04.2021 19:00
-
09.04.2021 17:14
-
09.04.2021 14:49
-
09.04.2021 14:40
-
09.04.2021 14:39
-
09.04.2021 14:36
-
09.04.2021 14:26
Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қайта жанданды
2021 жылғы 4 наурыз 14:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс және демалыс күндері санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 09.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
Үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап және бір үстелде 4-6 адамнан асырмай отырғызылу қажет. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді. Сонымен қатар, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін 30%-дан аспайтын толымдылығымен жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілді. «Спорттық шараларды - әлеуметтік қашықтықты, маскалық тәртіпті, термометрияны, көрермендерді шахматтық тәртіпте отырғызу, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге болады. Еске алу шарасын залды 30%-ға дейін толтырып, 50 адамнан асырмай санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге рұқсат. Сондай-ақ, жылжымалы цирктердің жұмысы, 30%-ға дейін толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша әр 2 орыннан кейін отырғызумен қайта жанданады. Бильярд клубтарының жұмысына 30%-ға дейін толтырумен рұқсат берілді», - деді Нұрбек Садықбекұлы.