Жаңалықтар

Түркістан облысында тарауих намазын далада оқуға рұқсат берілді

2021 жылғы 7 мамыр 18:36
Түркістан облысында тарауих намазын далада оқуға рұқсат берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздарын санитарлық талаптарды сақтай отырып оқуға рұқсат берілді. Алайда арақашықтық бір адамға кемінде 4 шаршы метр болуы тиіс. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намаз», күнделікті православ дұғалары және басқа) ашық ауада өткізе алады. Дегенмен маска режимі сақталуы тиіс. Бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі. Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті саналады. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.