Жаңалықтар
-
кеше 22:08
-
кеше 08:58
-
24.02.2021 23:53
-
24.02.2021 22:20
-
24.02.2021 20:30
-
24.02.2021 19:47
-
24.02.2021 19:26
-
24.02.2021 18:52
-
24.02.2021 16:03
-
24.02.2021 14:09
-
24.02.2021 10:07
-
24.02.2021 09:50
-
24.02.2021 09:10
-
24.02.2021 09:00
-
24.02.2021 08:15
-
24.02.2021 07:45
-
24.02.2021 04:41
-
23.02.2021 21:15
-
23.02.2021 16:31
-
23.02.2021 13:08
Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
2021 жылғы 22 қаңтар 19:44

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тұрғындар карантин талаптарына бағынбастан көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр. Жыл басынан бері облыста жеті рет көкпар ұйымдастыру жайты тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісай ауданы полицейлер кезекті рейд жүргізу барысында көкпар ойыны ұйымдастырылып жатқанын анықтаған. Жергілікті тұрғын 200-ге жуық адамды жинап, көкпар беріп жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары ойынды дереу тоқтатып, қатысушыларды үйлеріне қайтарған. Оларға түсіндіру жұмысын жүргізген. Ал, ойынды ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығына жолданған. Дәл осындай жайт Арыс ауданында да орын алған. Арыс АПБ қызметкерлері аудан орталығының батыс беткейінде көкпар ұлттық ойыны өтіп жатқанын анықтаған. Аталған көкпарға 100-ге тарта тұрғын жиналыпты. Санитарлық талаптарға бағынбаған көкпар ұйымдастырушы да әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейтін болды.