Жаңалықтар

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты

2020 жылғы 28 қараша 15:00
Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты

КИЕВ. Укринформ – ҚазАқпарат – Украинада 28 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-ға шалдығудың 16 294 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат Укринформға сілтеме жасап.

«Украинада 28 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-ға шалдығудың 16 294 жаңа оқиғасы тіркелді. Жекелей алғанда 689 бала мен 631 медицина қызметкері ауырған», - деп хабарлады министр. Оның айтуынша, өткен тәулікте 1 639 пациент ауруханаға жеткізілген. 184 өлім жағдайы тіркелген. 8 897 адам сауығып шыққан. 67 348 тестілеу жүргізілген. Степанов пандемия басталғалы Украинада 709 701 коронавирус жұқтыру дерегі, 12 093 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлады. 335 135 адам емделіп шыққан.