Жаңалықтар
-
26.01.2023 08:41
-
25.01.2023 08:20
-
24.01.2023 08:22
-
23.01.2023 21:54
-
23.01.2023 16:50
-
23.01.2023 16:45
-
23.01.2023 07:50
-
21.01.2023 09:02
-
20.01.2023 08:32
-
19.01.2023 09:15
-
16.01.2023 08:04
-
15.01.2023 09:50
-
14.01.2023 09:46
-
13.01.2023 08:23
-
12.01.2023 20:06
-
12.01.2023 09:06
-
11.01.2023 08:30
-
10.01.2023 09:33
-
10.01.2023 08:50
-
09.01.2023 09:20
-
09.01.2023 08:08
-
08.01.2023 10:58
-
08.01.2023 09:34
-
07.01.2023 09:52
-
06.01.2023 12:32
-
06.01.2023 08:43
-
05.01.2023 10:55
-
05.01.2023 09:04
-
04.01.2023 13:30
-
04.01.2023 13:28
-
04.01.2023 13:01
-
04.01.2023 10:22
-
04.01.2023 09:05
-
03.01.2023 09:34
-
02.01.2023 11:55
-
02.01.2023 10:28
-
01.01.2023 11:28
-
31.12.2022 09:25
-
30.12.2022 08:09
-
30.12.2022 00:23
Вакцина салдырғандардың денесі екпе өндірушілерге беріледі деген фейк тарады
2021 жылғы 8 желтоқсан 12:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнет қолданушылары вакцинация паспорты егілген адам өз денесін вакцина әзірлеген корпорацияларға беретіні туралы келісім деген ерекше теорияны алға тартты. Олар бұрын-соңды алынған екпелер қағазға жазылмағандықтан осындай тұжырымға келген. Бұл олай емес, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Айта кетейік, COVID-19 вакцинация паспорты жаңашылдық екені сөзсіз, бірақ бұл бұған дейін адам алған вакциналар туралы мәліметтер еш жерде тіркелмеген дегеннің белгісі емес. Қазақстанда балаларға арналған егу паспортының нысаны бекітілді, онда алынған вакциналар бойынша белгілер қойылады. Демек, COVID-19 қарсы вакцинация ғана емес, сонымен қатар басқа ауруларға да қатысты мәліметтер қағазға жазылады. Вакцинация паспорты бірдеңе беру бойынша келісім болып саналмайды. Онда тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетілмеген, беруші мен алушының қолдары және міндетті түрде осындай құжаттарда болуы тиіс басқа да элементтер жоқ. Вакцинация паспортында егілген адамның аты, тегі және әкесінің аты, иммундау жүргізілген медициналық мекеменің атауы, алынған препараттың атауы және егілген күні ғана көрсетілген. Вакцинациядан кейін адам тауарға және оның денесіне және ДНҚ-на айналады деген теория конспирологиялық. Бұл COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ-ны өзгертеді деген ғылымға қайшы болжамға және АҚШ Жоғарғы сотының жалпы вакциналарға, әсіресе COVID-19-ға ешқандай қатысы жоқ қаулысына негізделген. Бұл теорияны толықтай теріске шығару туралы мына жерден оқуға болады. Қорыта айтқанда, вакцинация туралы деректер көп жылдар бойы егу паспорттарында тіркеліп келеді, COVID-19 қарсы вакциналар да ерекшелік емес. Бұл ретте вакцинация паспорты келісім болып табылмайды. Егілген адамдар вакцина жасайтын корпорациялардың меншігіне айналады деген теория - конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ.