Жаңалықтар

Вакцинация міндетті болғанда нақты көрсеткішті атар едік - Цой

2021 жылғы 16 маусым 16:30
Вакцинация міндетті болғанда нақты көрсеткішті атар едік - Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация міндетті болғанда күзде қанша адам екпе алатындығын атай алатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында күзге дейін 10 млн адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынатындығына үміт артатынын атап өтті. «Біз соған ұмтыламыз. Тағы да айтамын, вакцина ерікті түрде салынады. Егер ол міндетті болғанда, біз нақты параметрлер мен цифрды белгілейтін едік. Сондықтан да барлығы азаматтардың түсінуіне, ақпараттың қаншалықты дұрыс жеткізілуіне, екпе пунктілерінің қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты. Яғни, үлкен үйлесімді жұмыстың, жалпы түсініктің болуына байланысты болып тұр. Дамыған елдердің көпшілігінде осындай жұмыстың арқасында вакцина алған халықтың үлесі 60-70 пайызға жетті. Демек, мұның коронавирус инфекциясынан мемлекетті қорғаудағы негізгі тренд екендігін түсінуіміз қажет», -деді Алексей Цой.