Жаңалықтар

Владимир Зеленский коронавирустан жазылып, жұмысқа шықты

2020 жылғы 23 қараша 17:09
Владимир Зеленский коронавирустан жазылып, жұмысқа шықты

КИЕВ.Укринформ - ҚазАқпарат – Украина президенті Владимир Зеленскийдің COVID-19-ға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап хабарлайды.

«Менің коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті. Медициналық маскалар, өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, теңдестірілген дәрумендік бағдарламалар, спорт режимі қазір міндетті болып табылатынын түсіну керек. Мұның бәрі өте маңызды. Осының бәрі бізге үміт береді»,-деп жазды Владимир Зеленский желідегі парақшасында. Украина президенті бүгіннен бастап жұмысқа оралғанын хабарлады. Бұған дейін Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың да коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен еді. Еске сала кетейік, 9 қараша күні Украина президенті Владимир Зеленскийден, Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактан коронавирус анықталған болатын. Кейіннен олар Украина «Феофания» ауруханасына жатқызылған еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Украина басшысы Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді.