қз
ру
Сұрақтар мен жауаптар
Маңызды
Коронавирус жағдайы туралы
Ресми
Ресми ақпарат
Маңызды
Сұрақтар мен жауаптар
Жаңалықтар
Фейктер және фактчекинг
қз
ру
Әлем жаңалықтары
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияның «Sciensano» қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, елде COVID-19 вирусын жұқтыру және ауруханаға жатқызу оқиғаларының саны күрт өсіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.02.2021 15:11
Коронавирус бойынша әлемдегі жағдай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та Өкілдер палатасы Джо Байденнің әкімшілігі ұсынған дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қолдады, Франция мен Жаңа Зеландияда коронавирус жағдайларының артуына байланысты локдаун енгізілуде, Чехия шектеу шараларын кеңейтіп жатыр. Коронавирусқа қатысты осы және өзге де жаңалықтар жөнінде BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
28.02.2021 12:26
Коронавирус: АҚШ жаңа вакцинаны қолдануға рұқсат берді
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Американың реттеуші органы Johnson & Johnson компаниясы өндірген коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаның алғашқы партиясы 1 наурыз күні жеткізіледі деп күтілуде. ҚазАқпарат бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
28.02.2021 11:21
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
ТОКИО. Kyodo News – Коронавирусқа байланысты Жапонияға кіруге тыйым салынған спортшылар үшін төтенше жағдай тоқтатылған соң, яғни наурызда елге келуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
27.02.2021 18:38
Коронавирус: Pfizer вакцинасы мұздатқышта бүлінбейді, Израиль халықтың жартысына екпе жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы бірден екі вакцина бұдан да қолжетімді әрі қолданыста ыңғайлы болуы тиіс.
27.02.2021 15:30
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,3 миллионнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 113 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.02.2021 09:52
Грекия мен Австрия ЕО елдеріне «вакцина паспортын» енгізуді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекия мен Австрия Еуропа Одағының басқа мемлекеттерін Еуропаның туристік индустриясын жандандыруға көмектесетін коронавирус вакцинасының «паспортын» қабылдауға шақырады. Мұндай құжаттың, яғни сертификаттың мақсаты – вакцина алған адамдарға ЕО-да еркін саяхаттауға мүмкіндік беру, деп жазады ҚазАқпарат BBC сайтына сілтеме жасап.
26.02.2021 08:29
Финляндия 8 наурыздан бастап қатаң локдаун енгізеді
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат – Финляндия елінің үкіметі елде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты 8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізді. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Финляндия премьер-министрі Санна Марин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yle агенттігіне сілтеме жасап.
25.02.2021 16:33
1 наурыздан бастап қазақстандық туристер Грузияға сапар шеге алады
ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат - Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили өткен жылдың күзінде енгізілген қатаң карантин шектеулерінің біртіндеп алынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтарына сілтеме жасап.
24.02.2021 23:53
Тайвань 1 наурыздан бастап шетелдіктерді кіргізе бастайды
ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - Тайвань билігі 1 наурыздан бастап шетелдіктердің кіруіне рұқсат беру туралы шешім қабылдады, сонымен қатар олар бірқатар елдің іскер саяхатшыларына карантин режимін жеңілдетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Тайвань орталық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
24.02.2021 15:41
Өзбекстанның Инновациялар министрлігі: коронавирусқа қарсы қытай-өзбек вакцинасының тиімділігі - 97%
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қытай және өзбек елдерінің коронавирусқа қарсы шығарған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасының тиімділігі 97 пайызды құрап отыр, ал препараттың қауіпсіздігі – 99 пайыз. Бұл туралы Өзбекстан Олий Мәжілісіне вакцинаның клиникалық сынағының нәтижесін ұсыну барысында Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.02.2021 15:01
WADA спортшыларға COVID-19 қарсы вакцина егуді табанды түрде ұсынады
ЖЕНЕВА. KYODO-ҚазАқпарат – Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) спортшыларға COVID-19 қарсы вакцина егуді табанды түрде ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
24.02.2021 14:50
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 112 миллионнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 112 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.02.2021 07:45
Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аустралияда тұрғындарға жаппай вакцина егу процесі басталды, деп хабарлайды ВВС.
22.02.2021 10:03
Британияда карантин шаралары жеңілдеп, мектептер ашылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британия премьер-министрі Борис Джонсон дүйсенбі күні кешке коронавирусқа қарсы шектеу шараларын жеңілдететінін мәлімдейді, деп хабарлайды ВВС.
22.02.2021 09:30
Коронавирус: Израиль тұрғындарының көпшілігі вакцина алып, елде шектеу шаралары алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль қалыпты өмірге оралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
22.02.2021 07:50
Австрияда коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатындығы айтылды
ВЕНА. ҚазАқпарат – SARS-CoV-2 жаңа коронавирусқа қарсы иммунитет адамдарда аталған вирусқа антидене анықталған кейін 8 айға дейін сақталатындығы анықталды. Бұл жайында Инсбрук медицина университеті сайтында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.02.2021 18:41
Израильде коронавирус ауруы 95,8%-ға төмендеді
ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат – Израильде жүргізілген зерттеу көрсеткендей, Pfizer вакцинасының екі дозасын да алған ел тұрғындары арасында коронавирусты жұқтыру қаупі 95,8%-ға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Израильдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
21.02.2021 18:01
Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 1,3 миллионнан асты
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Украинада 21 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19 вирусына шалдығудың 1 304 456 дерегі расталды, олардың 4 489-ы соңғы тәулікте анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинаның Ұлттық ақпарат агенттігі «Укринформға» сілтеме жасап.
21.02.2021 15:03
Қытайда коронавирусқа қарсы 16 вакцина клиникалық сынақтан өтеді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирусқа қарсы 16 вакцина клиникалық зерттеуден өткізуге мақұлданды, оның алтауы сынақтың үшінші кезеңіне жетті. Бұған ҚХР Дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
21.02.2021 14:21
Ары қарай