Жаңалықтар
-
кеше 13:56
-
21.01.2021 22:38
-
21.01.2021 21:22
-
21.01.2021 19:38
-
21.01.2021 15:22
-
21.01.2021 12:15
-
21.01.2021 10:31
-
21.01.2021 09:20
-
21.01.2021 09:18
-
21.01.2021 09:10
-
21.01.2021 08:31
-
21.01.2021 08:15
-
21.01.2021 08:06
-
21.01.2021 08:00
-
21.01.2021 03:19
-
21.01.2021 02:21
-
20.01.2021 22:28
-
20.01.2021 22:14
-
20.01.2021 22:02
-
20.01.2021 21:01
-
20.01.2021 19:18
-
20.01.2021 18:21
-
20.01.2021 18:02
Жағдай күрделенсе, карантин режимін күшейтеміз - Бақытжан Сағынтаев
2020 жылғы 28 қараша 12:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті алматылықтар. 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», - деді әкім Instagram парақшасында. Айта кету керек, өткен тәулікте Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмонияның 184 жағдайы тіркелсе, оның 84-і - Алматыда. 1 тамыздан бері Қазақстанда 41 940 адам пневмонияға шалдықты, 440 адам көз жұмды. 30 422 адам жазылып шықты.