Жаңалықтар

Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады

2021 жылғы 24 ақпан 21:10
Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 14 ақпанынан бастап Ақмола облысы «сары аймаққа» өтті. Сондықтан, коронавирус инфекциясы бойынша тұрақты эпидемиялық жағдай сақталатын болса, ағымдағы жылдың 27-ші ақпанынан бастап өңірде бірқатар шектеу шаралары алынады.

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомство басшысының айтуынша, жаңа қаулыда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Онда: - қоғамдық тамақтану нысандары аптаның барлық күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік фудкорттарына тек тамақ алуға және жеткізуге рұқсат етіледі; - ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарларға жұмыс күндері, сондай-ақ сенбі күндері қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі, жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрады; - сауда нысандары (супермаркеттер, гипермаркеттер) қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істейді; - сауда нысандары (сауда үйлері, сауда желілері, сауда орталықтары) азық-түлік бөлімдерін қоспағанда, жексенбіде жұмысын тоқтата отырып, қолданыстағы жұмыс режимімен жұмыс істейді. Балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады; - алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, маникюр мен педикюр қызметтерінің, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың қызметіне рұқсат беріледі; - спорт орталықтарының, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне алдын ала жазылу бойынша баруға рұқсат беріледі; - қолданыстағы жұмыс режимі бар сауналар, СПА орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі, жексенбі күндері тоқтата тұрады; - бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат етіледі, жексенбі күндері тоқтата тұрады; - мәдениет объектілеріне (театрлар, кітапханалар, мұражайлар) және кинотеатрларға 20 пайыздан артық толтырумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі; - репетициялардағы адамдардың ең көп саны 30 адамға дейін болуы тиіс. - белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шаралар өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат беріледі. - қызметкерлердің кемінде 60 пайызы қашықтан жұмыс істеу нысаны сақталады (штат кестесінде 40-тан астам қызметкер болғанда), жұмыс берушілер келушілер мен өз персоналы арасында міндетті бетперде режимін сақтауды бақылауы тиіс. - 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап рұқсат етіледі: контингенті 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту; жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1 - ден 5 - сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде – ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын қоса алғанда 7-сыныпқа дейін оқыту; бітіруші сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде құрамдастырылған оқыту (9, 11 (12) сыныптар): пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1-сынып-1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30 пайыздан); - колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқыту екінші семестрінен рұқсат беріледі; – алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметін рұқсат етіледі, топты толтыру кезінде-15 адамнан артық емес. - қалалық автобус, шағын автобус тасымалдарының қозғалысына рұқсат етіледі. 300 км-ден аспайтын қашықтағы облысаралық тасымалдар.; - отырғызу орындарының 75 пайыздан аспайтын, бірақ 15 адамнан аспайтын толтыру кезінде қалалық тұрақты емес тасымалдарға рұқсат етіледі; - отырғызу орындарының 75 пайыздан аспайтын, бірақ 15 адамнан аспайтын толуы кезінде қала және облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қозғалысына рұқсат етіледі; қалааралық жолаушылар поездарының/электр пойыздарының, жалпы вагондарсыз жолаушылар поездарының қозғалысына, сондай-ақ өңірлер арасында жеке автокөліктің қозғалысына рұқсат етіледі; Бұдан басқа, жаппай, сондай-ақ отбасылық, естелік және өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу сақталады. «Осы қаулы 2021 жылғы 27 ақпаннан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады», - деді Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина. Осы ретте, Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы халықты санитарлық ережелер мен қаулылардың барлық талаптарын сақтауға шақырады.