Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Атырауда қандай нысандардың жұмысына рұқсат берілді

2021 жылғы 6 мамыр 20:02
Жаңа қаулы: Атырауда қандай нысандардың жұмысына рұқсат берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қоғамдық тамақтану нысандарының түн ортасына дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне, оның ішінде жазғы алаңдарда сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс жасауға рұқсат етіледі. Алаңдарда, парктерде, скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға берудің, уақытша бөлшек сауданың орналасу орны мен жұмыс кестесін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша анықтасын» делінген құжатта. Жаңа қаулы 2021 жылғы 10 мамырда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.