Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Келесі аптадан бастап Түркістан облысында карантин шектеулері жеңілдейді

2021 жылғы 24 қыркүйек 19:10
Жаңа қаулы: Келесі аптадан бастап Түркістан облысында карантин шектеулері жеңілдейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының бас санитар дәрігері өңірде карантин шектеулерін кезең-кезеңмен жеңілдету туралы жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеңестер мен отырыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда сақтық шараларын сақтай отырып, көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат берілсін», - деп жазылған құжатта. Сондай-ақ, барлық нысандардың жұмысына бас санитар қаулысы бойынша рұқсат беру тапсырылған. Ashyq жобасына катысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне демалыс күндері рұқсат етілмек. «Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне «Жасыл мәртебесі» бар келушілерге демалыс күндері қызмет көрсетуге рұқсат етілсін», - деп жазылған қаулыда. Құжат 27 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.