Жаңалықтар

Жандарбек Бекшин алматылықтарға шет мемлекеттерге бармауға кеңес берді

2020 жылғы 20 қазан 12:14
Жандарбек Бекшин алматылықтарға шет мемлекеттерге  бармауға  кеңес берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтарды шет елге шықпауға және қоғамдық көліктерге мейілінше отырмауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавиурсты ықтимал екінші толқынына байланысты стандартты сақтық шараларын елемеуге болмайды, яғни қонақ шақыруға, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізуге, адамдар көп жиналатын жерге барудан аулақ болған жөн. Қоғамдық көліктерге шұғыл болмаса отырмауға және шет елдерге қажеттілік туындамаса шықпауға шақырамын. Отабасындағы егде жастағы адамдар мен кішкентай балаларды қорғауға кеңес беремін»,– деді Жандарбек Бекшин. Сонымен қатар, ол ЖРВИ жұқтырған жағдайда өз бетінше емделмеу керектігін ескертті. «Егер суық тиюдің белгілерін байқасаңыз, отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерлерді шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз»,– деді ол.