Жаңалықтар

Жітіқара қаласында мектеп оқушысы коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 21 қазан 16:02
Жітіқара қаласында мектеп оқушысы коронавирус жұқтырды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында мектеп оқушысынан COVID-19 анықталды. Ақпаратты облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жітіқара ауданының көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйғарымымен ағымдағы жылдың 21 қазанынан бастап 5 қараша аралығында Жітіқара қаласының № 12 ОМ кезекші топтары қашықтан оқыту форматына көшірілді. Себебі кезекші топтардың оқушысында COVID-19 анықталды. Мектепте 995 оқушы білім алады, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 259 оқушыны қамти отырып, 1-4 сынып оқушылары үшін 39 кезекші топтың жұмысы ұйымдастырылды», - деді Зәуре Бәйменова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте. Бұған дейін Рудный қаласы №4 мектеп-лицейінің оқушылары мен педагогтер құрамы үй карантиніне алынғанын хабарлаған едік. https://lenta.inform.kz/kz/rudnyy-kalasynda-mektep-licey-karantinge-zhabyldy_a3707405 Басқарма басшысының айтуынша, лицейдің медициналық қызметкері коронавирус жұқтырып алған. «Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында мектептерде барлық тиісті шаралар жасалуда. Білім алушылар ғимаратқа кірген және шыққан кезде медицина қызметкерлері тексеруден өткізеді. Ата-аналар қауымына да сақтық шаралары туралы айтамыз. Балаларын адамдар көп жиналатын орындарға жібермегені дұрыс, маскалық режимді сақтау және қолды дезинфекциялық құралдармен өңдеудің маңызы зор», - дейді З.Бәйменова.