Жаңалықтар

Жүрегі ауыратын адамдарға коронавирустың «омикрон» штамы қаншалықты қауіпті - дәрігер жауабы

2022 жылғы 28 қаңтар 21:10
Жүрегі ауыратын адамдарға коронавирустың «омикрон» штамы қаншалықты қауіпті - дәрігер жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Консультациялық-диагностикалық орталығының жоғары санатты кардиолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қыстауова ҚазАқпарат тілшісіне КВИ инфекциясының жүрегі ауыратын адамдарға қаншалықты қауіпті екенін айтып берді.

- Егер адам жаңа «омикрон» штамын жұқтырса, ол жүрек және жүрек- қан тамырларына әсер етеді ме ? Инфекциядан туындаған жіті қабынудың реакциясы жүрек қызметін нашарлатып және жүрек қызметінің кемістігі бар пациенттерде симптомдарды асқындыруы мүмкін. Ауыр қабыну процестері аритмияны асқындырып, кейбір пациенттерді жүрекше фибрилляциясына алып келуі мүмкін. Вирустың қабынатын әсерін ескере отырып, вирустық инфекция коронарлық артерияларда атеросклеротикалық түйіндақтардың (май шөгінділері) үзілуін тудырып, ол жіті коронарлық синдромға (жүрек ұстамасына) әкеледі деген қауіп бар. Кеудесінде жіті жайсыздықты сезінетін адамдар коронавирус симптомдары пайда болған кезде міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс. - Жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларына шалдыққан адамдар «омикрон» инфекциясын жұқтырып алса нені білгендері жөн ? Егер адамдар жүрек-қантамырлар ауруларының симптомдарын коронавирус инфекциясы көрінісінде сезінетін болса, оларды назардан тыс қалдырмауы тиіс. Егер дене шынықтыру жаттығулары кезінде немесе тыныштықта кеудеңіз ауырып, тыныс алу қиындаса, жүрек қағысы жиілеп немесе естен танатындай жағдай туындаса, сізге міндетті түрде жедел жәрдемді шақыру қажет. Мамандар емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдамас бұрын айтылған симптомдар мен жалпы қарап-тексерудің негізінде Сіздің жай-күйіңізді бағалайды. - Өкпені жасанды желдету аппараты жүрегі ауратын адамдар үшін қауіпті ме ? Дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосу туралы шешімге адамды құтқарудың басқа жолдары болмаған кезде ғана жүгінеді. Пациенттерді жасанды тнысы алу аппаратына қосуға берілетін көрсеткіштер медицина қызметкерлеріне арналған ұсынымдарда жазылған. Жасанды желдеткіш өкпенің оттегіні жеткілікті түрде демала алмай және оларда жиналып қалған көмірқышқыл газын шығара алмаған жағдайда қажет. Бұл жағдайда өкпені жасанды желдету аппараты тыныс алу жүйесінің қызметін атқарады. Егер тыныс ала алмаған адамды өкпені жасанды желдету аппаратына қоспаса, оның ішкі ағзалары оттегімен қамтамасыз етілмей қалады. Осыдан кейін кешікпей жүрек өз соғысын тоқтатады, қанмен қамтамасыз етілмейді, бірнеше минуттың ішінде пациент қайтыс болып кетуі мүмкін. Сондықтан, егер жасанды тыныс алу аппаратына қосу қажеттілігі туындайтын болса, онда жүрек аурулары бар немесе ол аурулары жоқ адамдар үшін жасанды тыныс алу аппаратының қауіптілігі туралы мәселе талқыланбайды. - «Омикрон» штамын жұқтырған жүрек қан-тамырлары ауруымен ауратын науқастарға қандай кеңес бересіз ? Жүрек-қан тамыр ауруларының болуы көрінісінде «омикрон» штамын ғана емес басқа штамдарды жұқтыру да асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Ол миокард және тамырлардың созылмалы ауруларының декомпенсациясы немесе олардың вирустық зақымдануы. Негізгі аурудың декомпенсацияланған ағымы тромбоздар, жіті жүрек-өкпе және полиоргандық жетіспеушіліктің болу қаупін арттырады. Бұл ретте: - Жұқтыруды болдырмас үшін ұсынылатын профилактикалық шараларды мұқият орындау қажет; - Жүрек және қан тамырлары аурулары кезінде тағайындалған дәрі-дәрмекпен емделуді тоқтатпаңыз. Бұл денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін; - Алдын ала жоспарланған операциялардан бас тартуға болмайды. Жүрек немесе қан тамырларыының кейбір аурулары кешіктірген жағдайда жылдам өршип, өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Операцияны жасау немесе оны күте тұру туралы шешімді кардиолог қабылдайды. - Сұхбатыңызға рахмет!